top of page
скроллер Камерата 18.04.18aaaaabb.jpg

«Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» 1997 жылы ансамбльдің көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының халық артісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Гаухар Мурзабекованың бастамасымен құрылды.

 

Ансамбль құрамындағы жас және дарынды музыканттардың көпшілігі республикалық және халықаралық фестивальдер мен байқаулардың лауреаттары.

 

Ансамбль ұжымы жоғары деңгейдегі кәсібилігі арқылы орындаушылық шеберліктің қайталанбас бағытымен, Қазақстаннан өзге басқа да шет аймақтардың жұртшылығына кеңінен танылып, ыстық ықыласына бөленді.

 

Әрдайым қызықты да, тартымды репертуармен, биік асуларға ұмтылысы және кез келген тәжірибеге дайындығы «Қазақстан Камератасы» табысының құпиясы болып табылады.

 

Ансамбілдің гастрольдік сапарлары көптеген мемлекеттерді қамтиды. Солардың ішінде Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Израиль, Б.А.Э., Чех Республикасы, Венгрия, Словакия, Түркия, Македония, Индия, Белоруссия, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан.

Гаухар Мурзабекова

 

 

Гаухар Мурзабекова - Қазақстан Республикасының халық артісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері, профессор, «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблінің негізін қалаушысы және көркемдік жетекшісі.

 

П.И.Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваториясын бітірген (КСРО халық артісі, профессор  Д.Ф. Ойстрах пен УКСР еңбегі сіңірген артісі О.В. Крысаның сыныбы).

 

Г.К.Мурзабекованың концерттік бағдарламалары – ауқымдылық пен әр қырлығымен қаныққан түрлі дәуірлердің, стильдер мен бағыттардың шығармаларын қамтиды.

 

Өнерсүйер қауым оның керемет скрипкашы  қасиеттерін, ерекше стильді сезіммен орындайтын шығармаларын үнемі ең жылы шыраймен қабылдайды.

 

Гаухар Мурзабекова Йо-Йо Ма (АҚШ), Олег Крыса (АҚШ), Жерар Косе (Франция), Темиржан Ержанов пен Эвелинде Тренкнер (Германия), Сергей Истомин (Франция), Амир Тебенихин (Германия) сынды солистермен концерттік сахналарда өнер көрсетті.

НҚА

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Бос лауазымдар туралы ақпарат алу үшін байланыс деректері:

+7 (727) 321 02 64; +775 05 423 01

Рухани жангыру.jpg
Улы ел.jpg
Astana20_Logo_kz_bevel.JPG
Модернизация 4.png
egov.jpg
Биржа труда.jpg
Логотип_Жастар на 2019 год.jpg
bottom of page